«Бірден «мама» деді!»: Маңғыстауда ерлі-зайыпты бір үйдің бес жетім баласын асырап алған

11.12.2025 14:47 Әсел Мұрат
«Бірден «мама» деді!»: Маңғыстауда ерлі-зайыпты бір үйдің бес жетім баласын асырап алған
0
237
Фото: Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы

Ақтау қаласының тұрғындары Бейсенбек Рысжанов пен Ляззат Абдашованың оқиғасы қазақстандықтарды сүйсінтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, ерлі-зайыпты балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бес бауырды ажыратпай өз отбасына қабылдаған.

Ләззат Абдашованың айтуынша, шаңырақ құрғаннан кейін 3 жылдан соң тұңғышы дүниеге келген.

Содан кейін ерлі-зайыпты 8 жыл бойы сәбилі болуды армандаған.

Осы кезеңде олар бала асырап алу порталына тіркеліп, ұсыныс түскенде бес бауырды бірге асырап алуға шешім қабылдаған.

«Бұл балалар бір-бірінен ажырамауы керек деп санадым. Бастапқыда үлкенін басқа отбасыға бермек болғанын естіп, барлығын бірге алуға өтініш білдірдім. Бесеуі де отбасымызға тез үйренісіп, бір-бірімен тату болып кетті. Балалардың жастары қатар болғасын бір-бірімен ойнап жақсы уақыт өткізеді. Балалар бірден мама деп атап кетті. Қазір бәрінің жағдайы жақсы, біз өте бақыттымыз», — деді Ләззат Абдашова.

Айтуларынша, балалардың жағдайын жақсарту үшін қосымша үй де сатып алынған.

«Біз өзіміз бес бөлмелі пәтерде тұрамыз. Бұл балалар да өзіміздің балалармен тең болсын деп үстіміздегі жоғарғы қабаттан төрт бөлмелі пәтер сатып алдық. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, екі пәтерді баспалдақ арқылы біріктіріп, әр балаға жеке бөлме жасауды жоспарлап отырмыз», — дейді отанасы.

Бауырлардың үлкені — 15 жаста, кенжесі — 4 жаста.

Бүгінде екі қыз бен алты ұл мейірімге толы отбасында өмір сүріп жатыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий