"Бірі дұрыс болмай...": Гүлзира Айдарбекова отадан шыққанын айтты

29.04.2026 10:32 Мөлдір Қайнар
481
Фото: sn.kz

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайын әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшілікке алғыс білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол операция алдында қорқыныш болғанын жасырмай, бұрын жақындарының наркоздан кейін ауыр жағдайға тап болғанын еске алып, алаңдаушылықпен барғанын айтты.

«Иә, елдер түк емес дейді, біраз жылдап бұрын, бір абысыным наркоздан қайта оянбай еді, сонан кейін Алматыда тағы бір абысынымыздың өттегі тасын лазермен алғанда, қиығы қалып қойып іріңдеп өмірден өткен, содан кейін ғой қорқынышпен жүргенім. 99 пайызының отасы сәтті шыққанымен, бірі дұрыс болмай жатады. Аллаға сансыз шүкірлер, сәтті өтті! Әуелі Алланың қалауы, екінші сіздердің дұғаларыңыз міндетті түрде Алланың құлағына шалынды. Рақмет жандарым сол!» – деп жазды ол.

Продюсер сондай-ақ наркоздан кейінгі жағдайын баяндап, дәрігерлердің өттегі тас сәтті алынғанын айтқанын жеткізді.

«Наркоздың күші жаймен тарап жатыр, көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, бір оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын, қазір әлсіздік. Бірақ өте сәтті болды. Врач айтқандай өтім қалды, тас алынды. Единственный осы врач өтті қалдырып ота жасайтын. Бәріңізді құшақтап, сүйдім!» – деді Гүлзира Айдарбекова.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий