«Бірі үй жинауға, екіншісі ас дайындауға жауапты болсын»: экс-депутат Баянның «бірнеше күйеуге» шығу ұсынысын қолдады (ВИДЕО)

07.11.2025 15:41 Әсел Мұрат
«Бірі үй жинауға, екіншісі ас дайындауға жауапты болсын»: экс-депутат Баянның «бірнеше күйеуге» шығу ұсынысын қолдады (ВИДЕО)
1324

Мәжілістің бұрынғы депутаты әрі блогер Тәңірберген Бердоңғаров продюсер Баян Алагөзованың елде көп күйеуге шығуды заңдастыру туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бердоңғаров Алагөзованың ұсынысымен күтпеген жерден келісті.

 «Мен онымен келісемін. Қазір еркектер бұрынғыдай емес. Қазір «подкаблучник» еркектер өте көп, басқаның жетегінде жүргендер бар. Олардың отбасында жағдайды әйел айқындайды, әйел шешім қабылдайды. Менің ойымша, олар үшін ерік-жігері мықты әйелдің екі күйеуі болса да қалыпты жағдай болар еді: біреуі үй жинауға жауапты, екіншісі тамақ дайындауға жауапты. Егер қазіргі өмірімізде мұндай қатынастар бар болса, оларды заңдастыру керек, заңнан тыс қалмасын. Қалай ойлайсыз?» — деді ол.

Айта кетейік, күні кеше танымал продюсер Баян Алагөзова депутат Абзал Құспанның мәлімдемесіне жауап беріп, әйелдерге де бірнеше рет тұрмысқа шығу құқығын заңдастыруды ұсынған еді.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий