Бірнеше қылмыстық топ Qarmet, «Қазақмыс», «Қазақалтын» өнімдерін иеленіп келген
641
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша биыл 36 қылмыстық істі тіркеген. Оның үшеуі – трансұлттық топтар, деп хабарлады politico.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілерін тергеп жатыр. Қылмыстық кодекстің әртүрлі бабы бойынша 150-ден аса криминалитет өкілдері жауапқа тартылған.
Шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, шетелдік қылмыстық элементтерге тосқауыл қойылды. Олар біздің елге кіргізілген жоқ. ҰҚК-мен бірлесіп, Шымкентте, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аса қауіпті 4 қылмыстық топ өкілдерінің қызметі тоқтатылды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.Мемлекетке 11 миллиард теңгеден аса залал келтірген құқықбұзушылықтар анықталды.
12,5 мың литр және шамамен 2 миллион бума акцизсіз өнімдер, 5 тоннадан аса балық және 5 мыңнан аса ақбөкен дериваттары тәркіленді. Құрамында алтыны бар материалдарды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тоннадан аса кен табылды, – делінген ведомоство хабарламасында.Мектеп, колледж және жоғары оқу орындары жастарынан ақша бопсалап, бұзақылық жасаған және қару сақтаумен айналысқан 19 топтың жолы кесілді. Сонымен қатар кәсіпорындар мен тау-кен байыту комбинаттарының мүлкін ұрлаумен байланысты қылмыстық әрекеттер әшкере болды.
Qarmet, «Қазақмыс», «Қазақалтын» алтындарын, металл сынықтарын және басқа да өнімдерін ұрлау бойынша заңсыз схемаларын жасаған бірнеше қылмыстық топты ұстау жүргізілді. Қылмыстық істердің, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басшылық ету және қатысу фактілері бойынша ондаған эпизод тергеліп жатыр, – деді Қуандық Алпыс.Бір жылда адам саудасының 137 фактісі анықталған. Оның 9-ы – адамды қанау, жұмысқа салу мақсатында ұрлау фактісі. Фото: rostov.mk.ru
Соңғы жаңалықтар
17.03.2026
17:19
Мәйіті қоқыстағы сөмкеден табылған: Ақтөбедегі ...
17.03.2026
16:10
Алматыда 7-сынып оқушысының қазасына қатысты ты...
17.03.2026
16:01
Жемқорлық бойынша сотталған Хаменова түрмеге ба...
17.03.2026
15:02
Президент жаңа Конституцияға сәйкес адал қызмет...
17.03.2026
14:56
Тоқаев алпыстан астам заңға түзетулер енгізу қа...
17.03.2026
14:47
Президент парламент сайлауы өтетін мерзімді атады