Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасы ішіндегі күмәнді жайттарды айтты
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман олардың отбасында бұрын болған күмәнді жайттарды еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, соңғы оқиғалар Қуандықтың анасы жағындағы туыстары — Нұрлыбековтер әулетіне қатысты өткен жағдайларды қайта ой елегінен өткізуге себеп болған.
Назымның пікірінше, бүгінде «Бишімбаев» тегі жағымсыз мағынада жиі аталғанымен, бұл әділетсіз болуы мүмкін.
«Тәрбиеде басты рөлді ана атқарады. Сондықтан Қуандықтың анасы жағындағы Нұрлыбековтер әулетіне назар аудару керек», — дейді ол.
Қахарман некеде жүрген кезеңінде болған бірнеше жағдайды баяндады. Оның айтуынша, бірде Қуандықтың жиені үйде бір жарым сағаттай қонақта болғаннан кейін Қуандықтың қымбат сағаттары жоғалып кеткен. Сол кезде күдік сол жігітке түскен, алайда Қуандықтың анасы бұған сенбеген. Бір жылдан кейін Қуандық Алматыда сол жиенін кездестіріп, оның қолынан өз сағаттарын көрген.
Назымның сөзінше, сол кезде Қуандықтың анасы мен туыстары бұл мәселені ушықтырмауды сұраған. Ол мұндай әрекеттерге дер кезінде тосқауыл қойылмағанын айтады.
Сонымен қатар, Назым Шымкентке барған сайын Қуандықтың әжесінің үйіне соғатындарын, сол үйде жүргенде өз сөмкесіндегі әшекейлер мен ақшаның жиі жоғалып кететінін жеткізді. Бір жолы әшекейлері ұрланғанын айтқанда, келіні бұл іске тағы бір жиеннің қатысы бар екенін айтып, мән бермеуге кеңес берген.
Бұдан бөлек, Назым жақында бұрынғы күйеуінен анасы жағындағы тағы бір жиенінің өзін алдап кеткені туралы естігенін де атап өтті.
Айта кетейік, жуырда Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевтың анасының туысы Кемеловаға қатысты сот ісі бойынша куәгер ретінде шақырылған. Аталған іс 1 миллион доллардың ұрлануына байланысты қозғалған. Соттан кейін Назым өз есепшоттарының да қылмыстық іс аясында тексерілгенін әлеуметтік желіде хабарлады.
Соңғы жаңалықтар