"Біз үшін өліпті ма": Аза тұту күні туралы сөзі үшін Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды

28.09.2026 • 12:46 Қарақат АСЫЛОВА
912
Фото: Бейнеден кадр

Шымкентте 21 жастағы Нұрахмет Бердібай TikTok-тағы тікелей эфирде қаралы күн туралы сұраққа берген жауабынан кейін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шешімді сот шығарған, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция эфирді әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған. Ведомствоның мәліметінше, Бердібай көрерменнің аза тұту күніне қатысты сұрағына жауап беріп, қоғамға құрметсіздік білдіретін сөздер айтқан. Полиция оның әрекетін қоғамдық тәртіпті бұзу деп сипаттады.

Эфирге онымен бірге 22 жастағы Абзал Мусурманқұл және Бақдәулет Мустафа қатысқан. Үшеуіне де қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту беріліп, бір айға ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылған. Ал әкімшілік қамау жазасы Бердібайға тағайындалған.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде бір топ әскери қызметшіні теңізге алып кетіп, 14 адам қаза тапқаны белгілі болды. Осы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий