“Бізді қосылмаса деп тілеп, кедергі жасағандар болды”: Тоқтар Серік ешкімге айтпаған сырын ашты

10.12.2025 14:57 Мөлдір Талғат
“Бізді қосылмаса деп тілеп, кедергі жасағандар болды”: Тоқтар Серік ешкімге айтпаған сырын ашты
0
191
Фото: ашық дереккөз. Суретте Тоқтар мен Бейбіт

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуалиевамен қалай шаңырақ көтергендері туралы айтып, сол кезеңде кездескен кедергілер мен марқұм ата-енесінің мейірімін еске алды, деп жазады POLITICO.KZ.

Әнші Хабар арнасына берген сұхбатында өздерінің қарым-қатынасы сыналған сәттерді жасырмай баяндады.

Ол сол уақыттағы жағдайды былай сипаттады:

«Қазақта сөз бар ғой. Досыңды жұртқа тастама дейді. Ит екеш иттің өзі ұяласын далаға тастамайды. Сондай белестердің бәрін бірге бағындырып, атақ-дәрежелерге жетіп алып, орта жолға келгенде Бейбітпен үйленбей кетуім бір әбестік болар еді. Қазақ дейтін халық шынымен де менің келіп, бетіме түкіруі мүмкін еді. Қол ұстасып бірге жүргесін, ар мен ұяттан аттамаудың жолын ойладым».

Әнші марқұм ата-енесінің өзіне деген ерекше ықыласын да тебірене еске алды:

«Екеуміздің әке-шешеміз тірі еді. Әке-шешесіне Алла разы болсын, жәннаттық болсын деп тілейміз. Керемет мейірбан кісілер болатын. Мені баласындай жақсы көретін. Менің не жейтінімді, не қалайтынымды толық білетін, жолға шығарда тамақ салып беретін. Тоқтардың қарны ашып қалмасын деп қамқор болатын. Мұндай махаббаттан аттап кету ессіздік болар еді. Бір түйір дәнге алданған жоқпын, пейілді көрдім. Мәңгілік менің адамым осы екен деп түсіндім».

Тоқтар Серіков олардың махаббатына бөгет болғысы келгендер де болғанын жасырмады. Оның айтуынша, кедергілерді ағайын-туыс емес, өнердегі кей азаматтар жасаған. Соған қарамастан, ерлі-зайыптылар өз мақсаттарына бірге ұмтылып, бар қиындықты еңсерген.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий