«Бізге күйеу бала керек»: Сәкен Майғазиев Ұлықпан Жолдасовтың қызын ерекше құттықтады
Танымал әнші Сәкен Майғазиев өнердегі әріптесі Ұлықпан Жолдасовтың қызы Фарида Жолдасованы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Құттықтау сөзді Фарида Жолдасова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған. Өнер иесі туған күн иесіне ақжарма тілегін білдіріп, жылы лебізін жасырмады.
«Кішкентайында сахнаның түтінен қашып жүрген Фаридамыз бүгін бойжетіп, 18 жасқа толып отыр. Жасыңа жас қоса бер, жаным. Адал жар жолықсын. Сені алақанына салып жүретін күйеу бала кездессін бізге. Өнерің өрге жүзсін. Құда болып, төрде отырайық. Әйел бақыты мен ана бақытын тілеймін», – деді Сәкен Майғазиев.
Желі қолданушылары бұл құттықтауды жылы қабылдап, Фаридаға ізгі тілектерін жаудырды. Көпшілік өнер иесінің шынайы ниетіне ризашылығын білдіріп, жас қыздың болашағынан үлкен үміт күтетінін жазуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...