“Бөксемді қатты қысып ұстады”: Метро ішінде қызға тиіскен ер адам жазаланды
Алматы метросында сұмдық жағдай
Алматы қаласында метро ішінде жолаушы қызға әдепсіз түрде тиісіп, қолайсыз әрекет жасаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға таңғы уақытта «Алатау» станциясы маңында болған.Жәбірленуші қыздың айтуынша, жағдай өте тез өрбіген:
«Басында ол мені бірнеше рет жай ғана байқамай тигендей болды. Мен адамдар көп болған соң мән бермедім, біреу итеріп кетті деп ойладым. Бірақ “Алатау” станциясына жақындағанда ол маған әдейі қол тигізіп, денемді қысып ұстады. Мен бірден шошып кеттім де, айқайлап қарсы шықтым», – дейді ол.
Оқиға әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері жедел түрде тексеріс жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.
Сот шешімімен ер адам “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция азаматтарды мұндай жағдайларда үнсіз қалмай, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
12:33
Атырау тергеу изоляторындағы оқиға: Полиция рес...
25.10.2026
12:08
«Әлемдік аренада беделге ие»: Путин Қазақстан т...
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...