«Бұл – ерлік пен өмір үшін күрес туралы әңгіме»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды

11.06.2026 12:44 Мөлдір ҚАЙНАР
«Бұл – ерлік пен өмір үшін күрес туралы әңгіме»: Дариға Бадықова жан сырын ақтарды
307
Фото: kinopark

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа фильмнің түсірілімі басталғанын жариялады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл жолғы туынды төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жанкешті еңбегі мен ерлігіне арналады.

«Жаңа фильмнің түсірілімін бастадық. Бұл жолы тақырып та, жауапкершілік те бөлек. Біз күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін құтқаруға асығатын ТЖМ қызметкерлері туралы оқиғаны экранға алып келеміз. Сіздердің әрбір жылы тілектеріңізді оқып отырмын. Шынымды айтсам, дәл осындай сәттерде қолдау сөздері жанға күш береді, жауапкершілікті одан сайын сезіндіреді. Бұл фильм мен үшін жай ғана жоба емес. Бұл – ерлік, адамгершілік, таңдау және өмір үшін күрес туралы әңгіме. Сіздердің қолдауларыңызға рақмет! Сәттілік тілектеріңіз қабыл болсын. Біз бар күшімізді салып, көрермен жүрегіне жететін дүние жасауға тырысамыз. Фильмнің аты – "Соңыра көне қалған сөзді, кім біледі?!"», – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары Дариға Бадықованың жаңа жобасына сәттілік тілеп, қазақ киносында құтқарушылардың еңбегі туралы фильмнің түсіріліп жатқанына қуанышты екендерін білдірді. Кейбірі мұндай тақырыптағы туындының көптен күткен жоба екенін атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий