"Бұл – манипуляция": журналистің сұрағына ашуланған депутат өз әрекетін түсіндірді

27.12.2025 14:10 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
239
Фото: facebook

Парламент Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы үкімет кулуарында өзіне қойылған сауалға жауап берудің орнына эмоцияға ерік беріп, сұхбатты үзіп тастаған еді, деп хабарлайды Politico.kz.

Халық қалаулысы осы оқиғаға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында түсінік берді.

Бұл енді сұрақ емес, бұл – манипуляция. Пленарлық отырыстан кейін маған қойылған сұрақ күн тәртібіне де, қаралған заң жобаларына да, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына да қатысы болған жоқ. Сұрақ «Неге кәсіпкерлер депутаттыққа барады?» деген түрде қойылды. Логиканы түсіну үшін мен қарсы сұрақ қойдым: онда неге депутаттыққа мемлекеттік қызметкерлер барады? Бұл сұрақ ешқандай күмән тудырған жоқ. Бұрынғы әкімдер, министрлер мен мемлекеттік қызметшілердің парламентке келуі қалыпты жағдай ретінде қабылданады.
Әңгіме барысында журналист нақты кәсіпкерлер тақырыбын қайта-қайта алға тарта бастады. Сонда мен тағы бір мысал келтірдім: мұғалімдер депутат болса, бұл ешкімді алаңдатпайды. Одан кейін «онда журналистер неге депутат болады?» деген сұрақ қойдым. Жауап мынадай болды: «Журналистердің 7–8-і бар, бірақ мен өзім барған жоқпын». Осы жауаптың өзі әңгіменің демократиялық принциптер туралы емес, жеке әрі субъективті көзқарасқа ауысқанын көрсетті. Ал негізгі қағида өте қарапайым. Парламентке мамандықтар бармайды. Парламентке халық сайлаған азаматтар барады. Олар мемлекеттік қызметші де, мұғалім де, дәрігер де, кәсіпкер де, журналист те, инженер де болуы мүмкін. Басты өлшем — сайлаушылардың сенімі және сайлаудан өтуі. 

Әртүрлі кәсіби орта өкілдерінің болуы парламентті мазмұнды етіп, талқылауларды өмірге жақындатады. Егер мүдделер қақтығысына қатысты сұрақтар туындаса, олар жалпылама тұжырымдар мен ишаралар арқылы емес, нақты әрі құқықтық негізде қаралуы тиіс.Сонымен қатар телеарнаның ұстанымын да атап өткім келеді. Бұл — беделді әрі салмақты арна. Дәл осы себепті аталған фрагмент эфирге шығарылған жоқ. Мен бұл редакциялық шешімді дұрыс әрі кәсіби деп санаймын.

Ал журналистің сол материалды арнаның мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалана отырып, жеке әлеуметтік желіде жариялауы — оның жеке таңдауы мен жауапкершілігі. Мен үшін бұл журналистік талдау да емес, қоғамдық маңызы бар мәселе де емес, жеке интерпретация арқылы назар аудартуға тырысу, яғни хайп.
Редакциялық ұстаным мен жеке жарияланым — екі бөлек нәрсе, оларды ажырата білу маңызды. Қоғамға күн тәртібі бойынша, елдегі нақты мәселелер бойынша, депутаттардың жұмысы мен нәтижесі бойынша мәнді сұрақтар қажет. Кәсіби журналистиканың мәні де — осында, деп жазды депутат.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий