«Бұл – показуха емес»: Ерке Есмахан желідегі күмәнді пікірге жауап берді
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзіне жазылған пікірлердің біріне қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Politico.kz
Әнші отбасысына палау дайындағанын бөліскеннен кейін, желіде «Палауды өзің емес, заказбен алдырған шығарсың» деген күмәнді пікір қалдырылғанын айтты. Өнер иесі мұндай көзқарасқа таң қалғанын жасырмады.
«Отбасыма палау пісірсем де, міндетті түрде мін іздейтіндер табылады. Неге біреудің тамақ жасағанына таң қалу керек? Ең қызығы — бұл пікірді 33 жастағы ер адам жазған», — деді Ерке.
Сондай-ақ әнші кейбір желі қолданушылары Instagram-ды шынайы өмірден бөлек, тек «көрсету алаңы» деп қабылдайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қоғамда адам қиналса — шынайы, ал бақытты әрі жайлы өмір сүрсе — «показуха» деп бағаланатын түсінік қалыптасқан.
«Мен ешкіммен жарыспаймын, ешкімге дәлелдеуді мақсат етпеймін. Әр күнім үшін шүкір етіп, өз бақытыммен өмір сүріп жүрмін. Басқаларға да дәл солай өмір сүруге кеңес беремін. Аллаға шүкір еткен кезде несібе де артады», — деп жазды әнші.
Сөз соңында Ерке Есмахан палауды шынымен өзі дайындағанын нақтылай кетті.

Соңғы жаңалықтар