"Бұл - соңғы концерті": Қайрат Нұртас сахнадан кете ме?
Алматыда өткен Қайрат Нұртастың мега концертінен кейін әлеуметтік желілерде "оның соңғы концерті" деген сөз желдей есті деп хабарлайды POLITICO.KZ Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Айтып өтейік, Қайрат Нұртастың Алматыдағы концерті шырқау шегіне жетті деуге болады. Отыз мыңдық стадионды лық толтырған бұл шоу концерттің тараған видеоларының өзі елді желпінтіп тастады.
Жұрт ең алдымен бұл концертте төрт көзі түгел жүрген Қайраттың отбасын көріп қатты қуанды. Жұлдыз Әбдікәрімова екеуінің арасы дұрыс емес деген қаңқу сөзге де осы концертте нүкте қойылған тәрізді.
Себебі концертке балаларын ертіп келген Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайратқа ерекше ыстық лебізін білдіріп, үлкен қолдау білдіретінін айтты.
Мұнан бөлек, Қайраттың балалары да әкелеріне тілек жолдап, тіпті қызы Алау сахнада өнерін көрсетті.
Осындай көріністі әлеуметтік желіден тамашалаған қауым "Қайрат отбасымен бірге" деп қатты қуанды.
Әйтсе де, тараған видеолардың астында "бұл Қайраттың соңғы концерті" деген жазбалар да көптеп тарауда. Қайрат Нұртас сахнамен қоштаса ма?
Бұл сұраққа қатысты әншінің өзі әзірге ресми мәлімдеме жасамады.
Соңғы жаңалықтар