"Бұлай ауырғанын кім көрген?!": Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді

ашық дереккөз

Танымал әнші Роза Әлқожа екі апта ем алып шыққанын айтты.

«Кеш жарық! Екі апта ем алып, енді жазылып жатырмыз, тәуба! Бұрын өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген?! Денсаулықтың қадірін білмейді екенбіз!», - деді Роза Әлқожа,

Әнші соған қарамастан оны алда әнсапарлар күтіп тұрғанын жасырмады.

 «Алда ән сапарлар. Жаңа альбом. Жаңа костюмдер», - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу