Челах пен Төлешовке үкім шығарған судьяның неліктен қызметінен босатылғаны белгілі болды

23.02.2026 15:25 Әсел Мұрат
Челах пен Төлешовке үкім шығарған судьяның неліктен қызметінен босатылғаны белгілі болды
741
Фото: ашық дереккөз

Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметінен судья Ербол Ахметжановтың не себепті босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кадрлық шешім Ербол Ахметжановтың Жамбыл облыстық сотының төрағасы ретіндегі өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қабылданған.

«Аталған мерзім аяқталғаннан кейін ол жаңа төраға тағайындалғанға дейін сот басшысының міндетін атқаруды жалғастырды», — деп хабарлады Tengrinews.kz-ке Жоғары сот кеңесіндегілер.

Ведомство өкілдері Мемлекет басшысының атына Жамбыл облыстық сотының жаңа төрағасын тағайындау жөнінде ұсыныс енгізілгенін нақтылады. Президенттің тиісті жарлығы шыққаннан кейін Ербол Ахметжанов бұл қызметтен кетеді. Алайда ол Жамбыл облыстық сотында судья ретінде жұмысын жалғастыра береді.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Жоғары сот кеңесі Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ербол Ахметжановты аталған лауазымнан босатты.

Ербол Ахметжанов Арқанкергендегі оқиға бойынша Владислав Челахқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған, сондай-ақ шымкенттік «сыра королі» атанған Тоқтар Төлешовке үкім шығарған судья ретінде танымал.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий