«Чемоданға салып, шөлге тастап кеткен»: Дубайда қазақстандық қызды өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
6691
Дубайда қазақстандық қызды өлтірген күдікті 15 жылға сотталды
Алматы соты Дубайда қазақстандық Яна Бейсембаеваны аса қатыгездікпен өлтірген Ануар Усенбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Orda.kz-ке сілтемемен.
#НеМолчи қорының мәліметінше, сот Ануар Усенбаевты Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі («Зорлау») және 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша кінәлі деп таныды.
Сот үкімімен оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске салсақ, Яна Бейсембаева өзіне қысым көрсеткен Ануар Усенбаевтан құтылу үшін Дубайға кеткен. Алайда ер адам оның геолокациясы арқылы қайда екенін анықтап, Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, қызды аса қатыгездікпен өлтірген. Кейін оның мәйітін үлкен чемоданға салып, шөл далаға апарып тастаған.
Бұған дейін хабарланғандай, бұл қылмыс үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің заңнамасы бойынша Ануар Усенбаевқа өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
09:51
ТЖМ комитет басшысы түнгі уақытта шу шығарды ма...
14.10.2026
09:17
«Некедегі әйелге көз салатын есалаң емеспін». А...
14.10.2026
09:11
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті
13.10.2026
22:19
Ресейдегі газ құбырында жарылыс болды: ҚР Энерг...
13.10.2026
21:12
Астанада жолаушыға тиіскен inDrive жүргізушісі ...
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...