Cтоматологқа барған әйелдің ішіне ине түсіп кеткен

Башқұртстанда тіс дәрігеріне барғаннан кейін әйел адамның ағзасынан медициналық құралдың бір бөлігі табылды. Бұл туралы Mash ақпарат көзі хабарлады.
Пациент тіс емін алған соң біраз уақыт өткенде ішінің қатты ауырғанын байқаған. Ауырсынудың нақты себебін анықтау үшін ол рентген тексеруден өткен.
Сәулелі зерттеу нәтижесінде оның ішегінде инеге ұқсас зат — түбір өзектерін өңдеуге арналған протейпер медициналық құралы болуы мүмкін екені анықталған. Алдын ала болжам бойынша, әйел ем кезінде оны байқамай жұтып қойған.
«Ол кезде протейпер ішектің төменгі бөлігіне дейін өтіп үлгерген», – делінген жарияланған хабарламада.
Мамандардың айтуынша, бөгде затты шығару үшін ота жасау қажет болуы мүмкін.
Алайда тіс дәрігері емдеу барысында ешқандай құрал жоғалтпағанын мәлімдеген.
Соңғы жаңалықтар





