Астанада Tesla автокөлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

Астанада Tesla автокөлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті
Бейнеден кадр

Астанадағы айналма тасжолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты салдарынан жүк көлігі көпірдің қоршауын бұзып, төмен құлаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция мәліметінше, көпірге жақындаған тұста Tesla автокөлігінің 49 жастағы жүргізгіші басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген. Соқтығысу салдарынан жүк көлігі екпінін тоқтата алмай, көпір қоршауын қиратып, төмен қарай құлаған.

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің 71 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу