Дәрігерлердің жалақысы неге аз? – Денсаулық сақтау министрі жауап берді
Мемлекеттік емхана мен қалалық ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы неге аз? БАҚ тарапынан қойылған сұраққа Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді,-деп хабарлайды politico.kz
Расында, жалақы мөлшеріне қатысты сұрақтар жоқ емес. Жалпы, үш жылда айлық екі-екі жарым есе көтерілді. Алайда қазіргі таңда жеке сектордың тез дамуына байланысты олар да дәрігерлердің тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Соған байланысты тәжірибесіне қарамастан, дәрігерлерге барлық жағдайды жасауда мемлекеттік мекемеде жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің әрине, айлықтары бәсекеге қабілетті емес деп айтуға болады, - деді Әлназарова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің шешімі қандай?
Біріншіден, президент тапсырмасы аясында 3 жыл сайын 30 пайызға, 3 жылда 100 пайызға көтерілген айлықтың бағдарламасына сәйкес, тиісті жұмыстарды жалғастырғалы отырмыз. Екіншіден, емханада жұмыс істеп жатқан дәрігерлердің жүктемесі көп. Сондықтан тиісті коэффиценттерін алуға байланысты: ынталандыру коэффиценті деген бар. Біз соны қазір қайта қарап жатырмыз. Екінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың сапасына байланысты тиісті коэффиценттері көбеймек, - дейді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
10:25
«Ұнамаса, шығып кет»: Астанада мектептегі жанж...
31.10.2026
09:45
“Әжесінен алты ай бұрын алып кеткен”: Бес жасар...
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...