Дана Нұржігіт сүйінші сұрады

14.10.2026 • 16:16 Мөлдір ҚАЙНАР
Дана Нұржігіт сүйінші сұрады
79
Фото: видеодан скриншот

Белгілі журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт өзінің басынан өткен нақты оқиғаға арқау болған «Көлеңке» атты жаңа кітабын оқырманға ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

«Сүйінші! Кітабым дайын! Kaspi дүкенінен күтіңіздер!», — деп қуанышты жаңалығымен бөлісті автор.

Журналистің сөзінше, кітаптың жарық көруіне полиграфия саласының білікті маманы әрі кәсіпкер құрбысы Жанар қолдау білдірген. Басылымның сапалы әрі тартымды шығуы үшін олар қағаздың түсі мен кітап салмағына, тіпті әріптердің көлемі мен қаріп жолдарына дейін аса мән беріп, оқырманға арналған тосынсыйды да қарастырған.

Айта кетейік, тележүргізуші бұған дейін сталакинг құрбаны болған кезеңі өзі үшін үлкен өмірлік мектепке айналғанын ашық айтқан еді:

«Сталкинг сынақ та, сабақ та болды мен үшін. Сол арқылы есеюдің маңызды 3 кезеңінен өттім: 1. Айналамның бәрі кінәлі. 2. Бәріне МЕН кінәлі. 3. Ешкім кінәлі емес! Қабылдадым. Ризамын», — деп еске алған болатын Дана Нұржігіт.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий