Дариға Бадықова: «Менің фильмім тұрғанда «Моанаға» баратын қазақтарды түсінбеймін»
Актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова жақында төл туындысының екінші бөлімін жарыққа шығарды. Ол осы ретте фильміне бармай жатқан отандастарына ренішін білдірді, деп хабарлайды politico.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
«Моанаға» барып «позор» болып отырмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада Моанаға барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ, - дейді Дариға Бадықова.Айта кетейік, Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені-2» фильмімен қатар Голливудтың «Моана» мультфильмінің де екінші бөлімі көрерменге жол тартты. Қос туындының тұсаукесері қатар келуіне байланысты ол журналистерге де пікір білдірген еді.
Кавказ халқын алсақ, олар өздерінің шығарған дүниесіне барады. Түріктер де өздерін қолдайды. Енді біз қазақтардың сыналатын уақытына келіп тұрмыз. Себебі осы жолы Голливуд пен Қазақстанның текетіресі болады. Біздің аудитория, көрермендер үлкен қаржыны көтере алатын деңгейде ғой. Сондықтан да, бір Құдай біледі. Мен Құдай емеспін ғой. Ештеңені былай болады деп алдын ала болжап айта алмаймын. Бір миллиард жинаймын, екі миллиард жинаймын деп айта алмаймын. Құдай абырой берсін. Әрине, қорқыныш бар. Бұл менталды комедия. Әр отбасында болып жатқан жағдайды картиналадық. Өзімнің арманым – осы. Ұшақ ұшырып, парашют құлатқым келмейді. Қазақтың менталды комедияларын түсіргім келеді, - дейді продюсер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...