Дариға Назарбаева алғаш рет көпшілік алдында ұзақ үзілістен кейін көрінді
Ұзақ уақыт көзге түспеген Дариға Назарбаева әуежайда байқалды
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, саясаткер Дариға Назарбаева Астанадан Алматыға ұшақпен сапар шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
Белгілі блогер Әлішер Елікбаев оның фотосын өз телеграм-арнасында жариялады. Блогердің сөзінше, ұшақта ол Дариға Назарбаевамен көрші орындықта отырған.
«Оққағарының бойы менікімен бірдей, бірақ екі есе төртпақ», — деп жазды Әлішер Елікбаев.
Дариға Назарбаева елдің саяси өміріне белсенді араласқан тұлға. Ол мәжіліс депутаты, вице-премьер қызметтерін атқарған және 2019–2020 жылдары сенат төрағасы болған. Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен соң көпшілік алдында сирек көрінетін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...