«Дәрігермін» деп алдайды: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

«Дәрігермін» деп алдайды: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстанда алаяқтардың жаңа схемасы анықталды

Қазақстанда алаяқтардың жаңа айласы таралуда, деп хабарлайды Politico.kz.

Олар өздерін дәрігер ретінде таныстырып, азаматтардың атына несие рәсімдеуге әрекеттеніп жатыр. Белгілі болғандай, алаяқтар адамдарға емханадан шыққаннан кейін бірден хабарласып, өздерін медицина қызметкері ретінде таныстырады. Олар сенімге кіру үшін дәрігердің аты-жөнін, қабылдау бөлмесін және басқа да мәліметтерді нақты айтып, кейін банк деректеріне қол жеткізуге тырысады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл әрекеттерді әлеуметтік инженерия тәсілі деп бағалап отыр. Министрлік өкілдері емхана қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-код сұрамайтынын және жеке мәліметтерді талап етпейтінін ескертті.

Мамандар күмәнді қоңырауларды бірден тоқтатып, ақпаратты міндетті түрде өз емханаңыз арқылы тексеруге кеңес береді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу