Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтізбесі жарияланды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни күндер мен мұсылман мерекелерінің күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Кестеде қасиетті Рамазан айының басталуы, Қадір түні, Ораза айт және Құрбан айттың болжамды күндері көрсетілген.
Жарияланған күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталады деп күтілуде. Ал қасиетті Қадір түні 5-інен 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт 9 наурызда атап өтіледі деп жоспарланған.
Сондай-ақ Құрбан айттың алғашқы күні 16 мамырға белгіленген. Мереке 17 және 18 мамырда да жалғасады. Ал Арапа күні 15 мамырға сәйкес келеді.
Күнтізбеде өзге де маңызды діни күндер қамтылған. Атап айтқанда, 5 қаңтарға қараған түні Миғраж түні, 22-сінен 23 қаңтарға қараған түні Бәрат түні болады деп көрсетілген. Мұсылман күнтізбесіндегі жаңа жыл — 1449 һижри жылдың басталуы 6 маусымға сәйкес келеді. Ашура күні 15 маусымда, ал Мәуліт мерекесі 14-інен 15 тамызға қараған түні аталып өтіледі деп күтілуде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ескертуінше, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтеріне сүйеніп есептеледі. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар