«Дәрінің түсін ғана ажырататын»: Асанәлі Әшімовтің жары оның күнделікті қатаң режимін айтып берді
Марқұм Асанәлі Әшімовтің жары әрі жеке дәрігері болған Бағдат Әшімова халық әртісінің өмірінің соңына дейін сергек жүруінің сырын ашты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол "Время" газетіне берген сұхбатында актер үйде бос отырса, бірден сынып, шөгіп кететін болғандықтан, оған аптасына бес күн қатаң кесте бекітілген.
«Таңғы 7:00-де оятып, дәрілерін беретінмін. Сағат 10:00-де бассейнде жүзетін, 10:45-те мен дайындап қойған киімді киіп, 11:15-те таңғы асқа түсетін. Сосын үстіне әтір сеуіп, шаруаларымен шығарып салатынмын. Кешке келгенде сағат бойынша күні қалай өткенін егжей-тегжейлі бір-бірімізге айту бізде бұлжымас дәстүрге айналған еді», – дейді жары.
Сондай-ақ ол актердің денсаулығына қатысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алғанын жеткізді:
«Асекең дәрінің атын да білмейтін, тек түсінен ғана ажырататын. Қандай ем қабылдау керектігін өзім зерттеп, дәрігерлерге бірге баратынбыз. Кейде ол: "Бұл не дәрі?" деп сұрағанда, мен қалжыңдап: "Мәңгілікке арналған дәрі", – дейтінмін. Қан айналымы нашарлап, аяғы тоңғанда қолдарыммен жылытатынмын. Дәрігерлер мені оның өмірін кемінде 15 жылға ұзартты деп айтатын», – деп еске алды Бағдат Әшімова
Соңғы жаңалықтар