Дастан Сәтпаев Қазақстаннның Бельгиядан ойсырай ұтылғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады (ВИДЕО)

Дастан Сәтпаев Қазақстаннның Бельгиядан ойсырай ұтылғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады (ВИДЕО)
08.09.2025 10:13
0
213
Фото: ҚФФ

2026 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінің 6-турында Қазақстан құрамасы Бельгиядан ауыр жеңіліске ұшырады. Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өткен матч алаң иелерінің 6:0 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ойыннан кейін мәлімдеме жасады:


«Ең алдымен, біздің команданы қолдауға келген барлық қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бүгін өте қиын ойын болды. Әрине, осындай нәтиже үшін кешірім сұраймыз. Бірақ біз қателіктерді талдап, өзімізбен жұмыс істейміз және алдағы уақытта жақсарамыз. Құдай қаласа, болашақта Бельгия сияқты мықты командалармен тең дәрежеде бәсекелесе аламыз», – деді ол.

Әлем чемпионаты–2026 іріктеу турнирінің алты матчының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш ұпайға ие болды. Али Алиевтің жетекшілігімен команда Бельгиядан бөлек Уэльске (1:3, 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) есе жіберді. Жалғыз жеңіс топтағы аутсайдер Лихтенштейнге қарсы ойында тіркелді (2:0).
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий