Дастан Сәтпаев пен Шерхан Қалмырзаның анасы футболистермен билеген видеосы тарады

28.10.2025 10:46 Нақыпбек Фатима
Дастан Сәтпаев пен Шерхан Қалмырзаның анасы футболистермен билеген видеосы тарады
0
122
Скриншот видеодан алынды

Жақында алматылық «Қайрат» бесінші рет Қазақстан чемпионы атанды. Әлеуметтік желілерде футболшыларды туған-туыстары мен жақындарының жеңіспен құттықтап жатқан сәттері тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бейнежазбалардың бірінде Дастан Сәтпаевтың анасы алаңға шығып, футболшы оны жылы жымиып қарсы алып, маңдайынан сүйеді.
Мерекелік кеш барысында Шерхан Қалмұрзаның анасы ойыншылармен бірге би билеп, команданың жеңісіне шын жүректен қуанып тұрғанын көруге болады.
Сонымен қатар желіде қақпашы Темірлан Анарбековтің алаңда қызбен кездесіп тұрған сәті тарады – қолданушылар оның сүйіктісі ме, әлде қарындасы ма деп болжауда.
Шерхан Қалмұрза биылғы маусымда қазақстандық футболдың нағыз сенсациясына айналды, әсіресе «Спортингке» (1:4) және мадридтік «Реалға» (0:5) қарсы Чемпиондар лигасы ойындарынан кейін. Ал Темірлан Анарбеков «Селтикке» қарсы кездесуде ерекше көзге түсіп, дәл сол ойында алматылықтарға Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға көмектесті.
Еске сала кетсек, 2025 жылғы ҚПЛ-нің соңғы турында «Қайрат» «Астанамен» (1:1) тең ойнап, қатарынан екінші рет чемпион атанды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий