Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасынан кетті
Ұлттық құрамада Сәтпаев орнына Өміртаев шақырылды
Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Дастан Сәтпаев наурыз айындағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов мәлімдеді. Бапкердің айтуынша, ойыншыны демалдыру жөнінде оның клубының медициналық штабы ұсыныс берген. Осыған байланысты Сәтпаев халықаралық үзіліс кезінде қалпына келу процесінен өтеді.
— Бізге «Челси» клубының медициналық штабынан Сәтпаевты қалпына келтіру қажеттігі туралы ұсыныс түсті. Сондықтан ол наурыз айындағы ойындарға қатыспайды. Оның орнына ұлттық құрамаға Оралхан Өміртаев шақырылды. Ол жақсы функционалдық күйде және команда тапсырмаларын орындауға дайын, — деді Талғат Байсуфинов.
Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турниріне қатысады. Алғашқы матч 25 наурыз күні Астана Аренада Намибия құрамасына қарсы өтеді. Кездесу сағат 17:00-де басталады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...