Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының тізімінен тыс қалды

15.09.2026 20:36 Қанат АЙБАР
Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының тізімінен тыс қалды
12

18 жастағы шабуылшы Дастан Сатпаев УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтарына шақырылған Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы тізіміне енбей қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Негізгі себеп — футболшының 2 қыркүйекте ағылшын Чемпионшипіндегі «Бернли» мен «Мидлсбро» (1:1) кездесуінде алған жарақаты. Клуб медициналық штабының болжамынша, шабуылшы алаңға тек қазан айының ортасына қарай қайта оралуы мүмкін. 

Бапкерлер штабы бастапқыда Сатпаевты кеңейтілген құрамға енгізгенімен, денсаулық жағдайына байланысты оны қорытынды 28 футболшыдан тұратын өтінімге қоспауға шешім қабылдады.

Войдите, чтобы оставить комментарий