«Пәтер алып беремін» деген мұғалім 22 млн теңгемен ұсталды
Актөбеде алаяқтық жасады деген күдікпен мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Полицияның мәліметінше, оның әрекетінен кемінде екі Косшы тұрғыны зардап шеккен.
Күдікті әйел жәбірленушілерге пәтер алып беруге көмектесуге уәде берген. Осы арқылы бір азаматтан 14 млн теңге, екіншісінен 8 млн теңге алған. Кейін уәдесін орындамай, байланысқа шықпай кеткен.
Шілде айында әйел іздеуге жарияланған. Полиция қызметкерлері оның Актөбеде жүргенін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында оның осы уақыт аралығында мектепте мұғалім болып жұмыс істегені анықталды. Енді полиция оның білім беру ұйымына қалай жұмысқа орналасқанын және еңбекке қабылдану кезінде ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын тексеріп жатыр.
Тергеу болжамы бойынша, күдікті жалған құжаттар мен анықтамаларды пайдалануы мүмкін. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар