"Дегеніне жетті": үшінші рет үйленген актердің бұрынғы әйелі шындықты айтты
Актер Дәурен Айдарқұлов жуырда өзінің өміріндегі маңызды жаңалықты көпшілікпен бөлісіп, Instagram парақшасында неке қию сәтінен түсірілген суретті жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол үшінші рет отбасын құрғанын айтып, “Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ” деп қуанышымен бөлісті. Желі қолданушылары актерді жарыса құттықтап, жылы тілектерін арнап жатыр. Құттықтаушылар қатарында оның бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота Сейтмағамбет те бар.
Ол “Бақытты болыңдар! Сендер үшін шын жүректен қуаныштымын” деп игі ниетін білдірді. Айта кетерлігі, бұл – Дәурен Айдарқұловтың үшінші некесі.
Актердің алғашқы некесінен үш баласы, ал екінші некесінен екі баласы бар. Ол Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
11:45
«Құрылысты келесі жылы бастау қажет»: президент...
28.10.2026
11:44
«Келешек ұрпаққа тек ақша қалдыру жеткіліксіз»:...
28.10.2026
11:40
«Дамыған логистика болмаса, тіпті күшті ел ерте...
28.10.2026
11:39
Тоқаев Үкіметке ірі қалалардың даму жоспарын жа...
28.10.2026
11:37
Ұлттық қордан ел игілігіне 6,5 трлн теңге бағыт...
28.10.2026
11:34
Тоқаев Қазақстанның барлық аймағында жаппай құр...