"Денесінің сау-тамтығы жоқ": Жас келіншектің өліміне қатысты тың деректер шықты
Жамбыл облысы Меркі ауданында 8 айлық нәрестесі бар жас келіншектің жұмбақ өліміне байланысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін отбасындағы жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсады делінген марқұмның өліміне қатысты жақындары күдік білдіруде. Марқұм қайтыс болар алдында күйеуінен "Барни" шоколадын жеп қойғаны үшін таяқ жегенін айтып, құрбысынан ажырасу үшін ақша сұраған хаттары тараған еді.
Желіде марқұмның құрбысы адам шошырлық жайттарды айтып, оның денесінде ауыр соққы іздері болғанын мәлімдеді:
"Мадинаның денесінің сау-тамтығы жоқ, сүйреп асып қойған сияқты. Өзін өлтірген адамға ұқсамайды шыны керек, шашы қоқым-қоқым, аяғы сырылған. Арқасы сабалған, беті көкпеңбек", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі жазбасында.
Қоғам белсенділері мен марқұмның жақындары бұл оқиғаны жіті тексеріп, өлімге себепкер болған адамдарды заң аясында қатаң жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Соңғы жаңалықтар