Депутат Назаровтың анасын құттықтауы заңға қайшы емес деп танылды

Депутат Назаровтың анасын құттықтауы заңға қайшы емес деп танылды
18.09.2025 16:25
0
236
Сурет Ардақ Назаровтың instagram парақшасынан

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың жалпы отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтауына қатысты ресми жауап берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс бұл әрекеттен регламент пен депутаттық әдеп ережелерін бұзушылықты байқамағанын хабарлады.

Мәжілістің ресми жауабында бұл оқиғаның жалпы отырыстың барысына әсер етпегені және әдепті түрде жасалғаны айтылған. Сондықтан депутаттың іс-әрекетінде ережелерді тікелей бұзушылық жоқ деп танылған.

«Депутат А.Қ. Назаровтың 10 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауалды жариялау кезінде анасын құттықтауына қатысты мынаны хабарлаймыз: депутаттың іс-әрекетінен Парламент пен Мәжіліс регламентінің нормаларын, соның ішінде депутаттық әдеп ережелерін тікелей бұзушылық байқалмайды», – делінген жауапта.

Еске салсақ, 10 қыркүйекте депутат Ардақ Назаров депутаттық сауалын оқымас бұрын, Мәжіліс мінберінен анасын мерейтойымен құттықтаған болатын. Бұл оқиға қоғамда әртүрлі пікір тудырған: кейбірі депутатты сынаса, енді бірі мұны қалыпты жағдай деп бағалаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий