Депутат Базарбек пен Назаровтың әрекеті әлеуметтік желіде сынға қалды

Депутат Базарбек пен Назаровтың әрекеті әлеуметтік желіде сынға қалды
11.09.2025 12:16
0
418
Коллаж: POLITICO.KZ

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Ардақ Назаровтың әрекеттерін қызу талқылап, сынға алуда. Бірі 20 миллион теңге жалақы алуға лайық екенін айтса, екіншісі Парламент отырысын отбасылық мерекеге айналдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ The Village.kz басылымына сілтеме жасап.

Үкімет кулуарында журналистер депутат Бақытжан Базарбектен бір палаталы Парламент құру туралы пікірін сұраған. Депутат бұл бастаманы толық қолдайтынын, оның бюджетті үнемдейтінін және заң шығару процесін жылдамдататынын айтқан.

Алайда, үнемделген қаражат есебінен парламентарийлердің жалақысын көтеру керек пе деген сұраққа Базарбек тек өзі үшін жауап бере алатынын жеткізді.

«Жеке өзім өз рөлімді орындап жүрмін және менің жалақым кем дегенде 20 миллион болуы керек деп санаймын. Себебі мен 20 миллионның жұмысын істеп жатырмын», – деді Бәзарбек.

Бұл мәлімдеме желі қолданушыларының ашуын тудырды. Олар депутаттың тәбетіне таңғалып, оның осы жалақыны ең төменгі жалақы мөлшерімен салыстырды. Айта кетейік, осы мөлшерді бекіткендердің бірі Базарбектің өзі болатын.

«Халық оны елдің мәселесін ойлайды десе, ол 20 миллион сұрап жүр», «Ондай жалақы алғысы келсе, бизнес ашсын. Ол – мемлекеттік қызметкер», «Кәдімгі популист, қазақстандық Жириновский», – деп жазды желі қолданушылары.

Мәжілістің жалпы отырысы кезінде депутат Ардақ Назаров депутаттық сауал жолдаудың орнына, сөз алып, 70 жасқа толған анасын мерейтойымен құттықтады

Бұл әрекет те қоғамда үлкен резонанс тудырды. Көпшілік депутаттың Мәжіліс регламентін бұзып, мемлекеттік маңызы бар жиынды концерттік алаңға айналдырғанын сынады.

«Цирк! Мәжіліс – мәселе шешетін орын ба, әлде «анашым, мерекеңізбен» дейтін жер ме?», «Енді әнге де тапсырыс беру қалды», «Бұл Парламент тарихында бірінші рет болған жағдай. Енді бәрі осыны әдетке айналдырмаса болды, туыс көп, сұраныс бойынша жұмыс істейтін радиоға айналар», «Биліктің ең жоғарғы деңгейінде тәртіптің жоқтығын көрсетті», – деп жазды қолданушылар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий