Депутат мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ардақ Назаров ресми баяндамасын тоқтатып, анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Депутаттық сауалдарды жариялау кезінде ол кенеттен іскерлік күн тәртібінен тыс сөз алып, анасына жылы лебізін білдірді.
«Менің анашымның бүгін туған күні еді, 70 жасқа толып отыр. Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім.
Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, Құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды ием. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын!», — деді Ардақ Назаров.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...
30.10.2026
18:18
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер...