Өңдеу өнеркәсібі жобаларын кей салықтардан 3 жылға босату керек – Премьер-Министр ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов салықтар санын 20%-ға, салық жөнінде есеп беру нысандарын 30%-ға қысқартуды ұсынды.
306
Үкімет басшысының айтуынша, бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін Үкімет жанында Отандық кәсіпкерлер кеңесі жұмыс істейді. Сонымен қатар Үкімет қабырғасында «Атамекен» палатасының қатысуымен апта сайын кәсіпкерлер мәселесін қарастыру жөнінде кеңестер өтеді. Мұндай өзара іс-қимыл мен шағын және орта бизнесті дамыту шаралары ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
«Салық салудың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету қажет. Онда бизнеске қолдау көрсетуге көбірек назар аударылады. Ұлттық экономика министрлігі қосылған құн салығын қайтару мерзімін қысқарту үшін оны әкімшілендіру тәсілдерін қайта қарауы керек. Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларға серпін беру үшін нормаларды пысықтауды жеделдетіп, кейбір салықтардан 3 жыл босата тұру қажет. Салықтардың санын 20%-ға, ал салық жөнінде есеп беру нысандарын 30%-ға қысқарту керек», - деді Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сонымен бірге Смайылов ірі кәсіпорындар айналасында отандық кәсіпкерліктің жұмыс істеуіне жағдай жасау керегін айтты.
«Жаңа өндірістерді локализациялауға және оларды ашуға ықпал ететін офтейк-келісімшарттарды белсендірек пайдаланған жөн. Офсеттік шарттарды қолдану технологиялар трансфертіне және қосымша инвестиция тартуға ықпал етеді. Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай ұзақ мерзімді шарттар жасауға қолдау көрсету шараларын пысықтауы қажет. Ең алдымен, бизнес әлеуметтік тұрғыдағы жауапкершілікті көтеруі қажет. Еңбек өнімділігін арттыру, өңдеуді тереңдету, экспортты ұлғайту жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну критерийлерін нақты анықтап алғаны жөн», - деді Премьер-Министр.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
11:56
Баласын жалғыз тәрбиелейтін экс директор 2 жылғ...
14.09.2026
11:53
20 жастағы жігіт әжесін өлтіріп, қылмыс ізін жа...
14.09.2026
11:37
Қазақмыс жұмысшылар тұратын корпусты 214 млн те...
14.09.2026
11:32
Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір ...
14.09.2026
11:00
«Байтақ» партиясы хатшысының 15 жастағы ұлы әке...
14.09.2026
10:16
«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова...