Димаш Құдайберген шекарашылармен кездесті

03.06.2026 16:55 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Димаш Құдайберген шекарашылармен кездесті
155
Фото: ҰҚК

Танымал әнші Димаш Құдайберген Алматы облысында орналасқан «Баянқол» шекара бекетіне арнайы барып, әскерилермен кездесті, деп хабарлайды Politico.kz ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өнер иесі офицерлер мен сарбаздарға ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғысын білдірген.

«Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы облысындағы «Баянқол» шекара заставасына барды. Офицерлер мен әскери қызметкерлермен кездесу өткізіп, ел шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол осы заставада шекарашы мен қызметтік иттің достығын баяндайтын «Таймас» көркем суретінің түсірілім процесімен танысты», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Димаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аталған түсірілім алаңына барғаны туралы жариялаған болатын. Шекарашылардың өмірін арқау еткен бұл жаңа картинаның режиссері әншінің жақын досы Ғалым Асылов.

Айта кетейік, жақында Димаштың әкесі орденмен марапатталған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий