Димаш Құдайбергеннің әкесі орденмен марапатталды
1271
Димаш Құдайбергеннің әкесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаевқа Мемлекет басшысының атынан «Парасат» ордені табысталды, деп хабарлайды Politico.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніндегі салтанатты шараға жеке жағдайымен қатыса алмаған «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісіне марапатты Премьер-министрдің орынбасары – министр Аида Балаева табыс етті.
Ведомство басшысы Қанат Айтбаевтың отандық музыканы қолдау мен елдің рухани әлеуетін нығайту жолындағы елеулі еңбегін ерекше атап өтті. Жалпы бұл орден ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер саласына сіңірген айрықша үлесі үшін беріледі.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...