Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік туры жарияланды

02.06.2026 16:32 Мөлдір ҚАЙНАР
Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік туры жарияланды
47
Фото: dimashnews

DimashAli шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатынын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әзірге турдың алғашқы күндері ғана белгілі. Алдағы уақытта концерттік кесте толықтырылып, жаңа қалалар мен қосымша концерт күндері жарияланады.

Сондай-ақ жақын күндері жаңа турдың алғашқы концерті өтетін қала туралы ақпарат белгілі болмақ.

«Сіздермен жаңа кездесулерді асыға күтеміз!» – делінген DimashAli шығармашылық орталығының хабарламасында.

Қазіргі уақытта жарияланған концерттер кестесі төмендегідей:

– 18 қазан 2026 жыл – Краков, Польша;

– 24 қазан 2026 жыл – Дюссельдорф, Германия;

– 30 қазан 2026 жыл – Мадрид, Испания;

– 11 қараша 2026 жыл – Мерида, Мексика;

– 14 қараша 2026 жыл – Монтеррей, Мексика;

– 17 қараша 2026 жыл – Гвадалахара, Мексика;

– 19 қараша 2026 жыл – Мехико, Мексика;

– 20 қараша 2026 жыл – Мехико, Мексика;

– 22 қараша 2026 жыл – Богота, Колумбия;

– 24 қараша 2026 жыл – Сантьяго, Чили.

Осылайша Димаш Құдайбергеннің жаңа концерттік туры Еуропа мен Латын Америкасының бірнеше елін қамтиды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта турдың жаңа бағыттары мен концерт өтетін өзге де қалаларды жариялайтынын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий