"Динарадан да әдемі": Жұмабек Жанықұловтың бірінші әйелінің суреті тарады

18.04.2025 10:03
0
86
caravan.kz

Желіде жақында ғана Динара Сәтжанға үйленген кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бірінші әйелінің суреті тарады,  деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Динара есімді Tik Tok қолданушысы жариялаған ақпаратқа сенсек, Жұмабек Жанықұловтың бірінші әйелі дүниеге 5 бала әкелген.

«Жұмабекке 4 ұл, 1 қыз туып берген аққұба әдемі әйелі», — деп жазды ол. Видео кәсіпкердің отбасылық суреттерінен жасалған.

Санаулы сағатта 300 мыңға жуық қаралым жинаған видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.

«Жұрттар әйелін тастап, жасын алуушы еді, бұнікі керісінше болды ғой», «Бұл әйел Динарадан әдемі екен. Динара несімен ұнады екен, Жұмабектің басын айналдырып алған ғой», «Бес баласының көз жасы жібермейді», «Динара екеуі ұқсайды екен», — деп жазды олар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий