«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баянның жазбасына пікір білдірді

05.09.2026 16:26 Қарақат АСЫЛОВА
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баянның жазбасына пікір білдірді
367
Фото-коллаж: Politico.kz

Продюсер Баян Алагөзованың дін тақырыбындағы жазбасы әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алагөзова жарияланымында діни насихаттан шаршағанын айтып, тозақ пен жұмақтың бар екеніне қатысты жеке көзқарасын білдірген. Ол сондай-ақ жұмақтағы «72 пәк қыз» туралы діни түсінікке қатысты ирониялық сұрақ қойған.

Жазба көп ұзамай желі қолданушыларын екіге бөлді. Бір топ продюсерді дінді қорлады және араздық тудырды деп айыптап, жауапкершілікке тартуды талап етті. Екінші тарап Алагөзованың сөз бостандығына құқығын қорғап, қоғамда діннің агрессивті түрде насихатталуына алаңдайтынын білдірді.

Бұл жағдайға әнші Мөлдір Әуелбекова да пікір білдірді. Ол Threads желісіндегі жазбасында дін мәселесін діни сауаттылығы жоқ адамдармен талқылаудың пайдасы аз екенін айтты.

«Исламды радикализмнен ажырату үшін де білім керек», — деп жазды әнші.

Әуелбекованың бұл пікірі оның бұрынғы продюсері Баян Алагузоваға бағытталған деген болжам айтылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий