Доллар мен еуро бағасы тағы да күрт өсті

Доллар мен еуро бағасы тағы да күрт өсті
Ашық дереккөздерден
Доллар тағы қымбаттады: сарапшылар не дейді?

Жұма күні Қазақстан қор биржасы (KASE) қорытындысы бойынша шетел валюталарының бағамы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Сауда нәтижесінде АҚШ долларының құны 496,04 теңгеге жетті. Бір тәулік ішінде доллар 6,27 теңгеге қымбаттаған.Еуро бағамы да өсім көрсетіп, 7,35 теңгеге көтерілді. Қазіргі таңда еуро 586,76 теңгеден саудалануда.

Ал Ресей рублі айтарлықтай өзгеріссіз қалып, 6,46 теңге деңгейінде тіркелді.

Сарапшылардың пікірінше, валюта нарығындағы мұндай құбылмалылық сыртқы экономикалық факторлар мен мұнай бағасының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу