Гүлзира Айдарбекова қуанышты жаңалығын жария етті
2695
Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әдікәрімованың шаңырағында болып, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды politico.kz.
Өнер иесі жас отбасының жаңа пәтеріне барып, қоныстойдың бастамасына куә болғанын айтты. Оның сөзінше, келіні әулеттегі үлкендерден бата алып, отбасылық қуаныш мәре-сәре күйде өткен.
«Қайрат пен Жұлдыздың шаңырағына қоныстойының бастамасы болсын деп, келініміз әулеттегі үлкендерден бата алып, мәре-сәре болып қайттық. Әппақ шаңырақтары берекеге толы, көңілдері әрқашан аппақ қардай таза болып, үміт артқан ұл-қыздары бақытқа жеткізсін! Алла ұрпағымызбен қуанышқа бөлеп, құдаларымыз мың жылдық құда болуын қабыл етсін. Ең бастысы, төрт көзіміз түгел болсын!» – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әдікәрімованы бірге көргеніне қуанып, жас шаңыраққа ақ тілектерін жаудырды.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады