Досаев Президент әкімшілігінен кеткен күні тағы бір қызметінен айырылған
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев Президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылған күні «Самұрық–Қазына» ұлттық әл–ауқат қорының директорлар кеңесінен де шығарылған, деп хабарлайды Politico.kz.
Биылғы 25 наурызда Ерболат Досаев Мемлекет басшысының жарлығымен Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылған болатын.
«2026 жылдың 25 наурызындағы жарлықпен Ерболат Досаев Асқарбекұлы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, тиісінше оның «Самұрық–Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды», – делінген қордың мәлімдемесінде.
Ол Президент әкімшілігіне 2025 жылдың 19 қыркүйегінде тағайындалып, «Самұрық–Қазына» қорының басқару органына сол жылдың 23 желтоқсанында кірген болатын. Негізгі қызметінен кетуіне байланысты қордағы жұмысы да бірге аяқталды.
Әзірге ресми мәліметтер бойынша Ерболат Досаев тек «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінде мүшелігін сақтап қалды. Бұл қызметке ол 2026 жылдың 13 қаңтарында бекітілген еді.
Соңғы жаңалықтар