Дубайда өмір бойына сотталған қазаққа қатысты жаңа деректер шықты
Қазақстан азаматы Ернұр Алмаханға БАӘ-де бірнеше ауыр айып тағылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетыбаев мәлімдеді. Министрлік мәліметінше, іс адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және адамның ар-намысына қол сұғу баптарына қатысты қаралып жатыр. Сот Ернұр Алмаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Алайда үкім әлі заңды күшіне енбеген, қазіргі уақытта апелляциялық шағым берілген.
Бұған дейін оның туыстары Ернұрдың 2024 жылы қыркүйекте жұмыс істеу үшін Дубайға кеткенін және жүргізуші болып еңбек еткенін айтқан. Анасының сөзінше, отбасы оның кінәлі екеніне сенбейді әрі бұл істе жала жабылуы мүмкін деп есептейді.
Туыстары сот үкімі жайлы тек 2026 жылдың сәуір айында білген. Кейбір шетелдік басылымдар бұл істі 2025 жылғы Жаңа жыл түні Дубайдағы виллаға жасалған шабуылмен байланыстырып отыр.
Соңғы жаңалықтар