Дубайда қазақ баласы өмір бойына сотталған

21.04.2026 17:29 Арман Ермеков
Дубайда қазақ баласы өмір бойына сотталған
571
Фото: Orda.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінде ауыр қылмыс жасады деген айыппен 22 жастағы қазақстандық Ернұр Алмахан өмір бойына бас бостандығынан айырылып, оған 300 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Дубайда Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарынан құралған бес адамдық топ түрік азаматының вилласына қарақшылық шабуыл жасаған. Олар үй иесі мен оның әйелін пышақтап, 1,2 млн дирхам көлеміндегі қаражатты ұрлап кетті деген күдікке ілінген. Осы шабуылға қатысты күдіктілердің қатарында 22 жастағы қазақстандық жігіт бар екені жазылған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр. Ведомствоның дерегінше, Дубай қаласының бірінші сатыдағы соты 18 наурызда отандасымызды кінәлі деп тауып, өмірбақиға соттап, оған 2,54 млн дирхам (300 млн теңге) айыппұл төлеуді міндеттеген. Алайда айыпталушы тарап апелляциялық шағым түсіргендіктен, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ және істі қайта қарау 27 сәуірге жоспарланған.

Сонымен қатар еліміздің бас консулдығы құзырлы органдарға ресми сұрау жолдап, азаматқа құқықтық қолдау көрсетіп жатыр.

Сотталған жігіттің анасы Нұргүл Алмаханова ұлының 2024 жылдың қыркүйек айында жұмыс істеу үшін шетелге кеткенін айтып, оған жала жабылды деп есептейді. Ал заңгер Инга Иманбайдың сөзінше, қазіргі басты мақсат жігіттің нақты қандай бап бойынша сотталғанын анықтап, егер ол шынымен кінәсіз болса, істі қайта қарап елге қайтару мәселесін көтеру қажет.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий