«Дым көрмегендер»: Қайрат Нұртастың жолын кесіп, жаппай суретке түскендер жұрттың ашуын тудырды

11.12.2025 13:55 Айсұлу Мұрат
«Дым көрмегендер»: Қайрат Нұртастың жолын кесіп, жаппай суретке түскендер жұрттың ашуын тудырды
0
109
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Қайрат Нұртас

Танымал әнші Қайрат Нұртас тағы да ел назарында. Желіні шулатқан жаңа видеода бір топ адам өнер иесінің жолын кесіп, оған қарай лап қойғаны анық көрінеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бейнежазбада Қайрат Нұртас еш қарсылық білдірмей, сабырмен жағдайды бақылап тұрғанымен, айналасын қаумалап алған адамдар оның рұқсатын күтпестен видеоға және суретке түсіре бастағаны байқалады. Әншіге қарай жүгіргендер тіпті оның қозғалуына мүмкіндік бермей, жолын бөгеген.

Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларын екіге жарды. Көпшілік бұл әрекетті ашық түрде мәдениетсіздік деп бағалап жатыр:

«Дым көрмегендер! Адам да шаршайды, тоқтата берудің жөні жоқ», «Жеке кеңістік деген болмай ма өзі?», «Біздің халықта әлі де этикет жетіспейді», – деген пікірлер желіні басып қалды.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың сабырлылығына таңғалып, «басқа артист болса, ашуланып кетер еді» деп те жазуып жатыр.

Бейнежазба қысқа уақыт ішінде мыңдаған көрілім жинап, қызу талқыға түсті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий