Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты тың ақпарат шықты

10 тамызда Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концертіне байланысты ұйымдастырушылар Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясы және "Қайрат" футбол клубының басшылығымен өзара келісімге келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы дәл осы күні Орталық стадионда маңызды матч өткізуді жоспарлағанын мәлімдеген болатын.
First Media Group және CA Entertainment концертті ұйымдастырушы ретінде "Қайрат" футбол клубымен және спорт нысандарының дирекциясымен бірлесіп, 10 тамызға белгіленген "Қайрат" – "Жеңіс" матчын 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстыру туралы шешім қабылдады.
"Бұл келісім концертті жоспарланған күні өткізуге мүмкіндік береді әрі футбол жанкүйерлері мен мәдени шараны тамашалаушылар үшін ыңғайлы жағдай жасайды", – делінген ресми мәлімдемеде.
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер 28 мамырда таңғы сағат 10:00-ден бастап сатылымға шығарылады. Ең төменгі билет бағасы – 40 мың теңге.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің 1 тамызда Астанада концерт беретіні хабарланған еді.
Соңғы жаңалықтар





