"Екеуі көрсе көз тоятын әдемі жұп еді. Қимаймын". Танымал журналист Тұрсынбек пен Мөлдір жайлы

02.12.2025 10:13 Мөлдір Талғат
0
24
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тұрсынбек пен Мөлдір

Гүлназ Әлімгерей Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдірдің отбасылық өмірі жайында жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол екеуінің арасында сезімнің өшкеніне сенбейтінін жеткізді.

"Ағаңның абыройын дастарқанмен жинадым" деп бір жақсы көретін жеңгем айтып еді кезінде. Тұрсынбек пен Мөлдірдің дастарқанында талай қонақ болғанбыз. Кешегі біздің ұлдың тойында да дымын білдіртпей келіп, әнін айтып, тілектестігін жеткізді. Араға бірнеше күн салып сұқбаты шықты. Мөлдір іштегісімен бөлісе отырып, бөгде әйелге тіл тигізбегені - оның тағы бір тектілігін көрсетті мен үшін... Екеуі көрсе көз тоятын әдемі жұп еді. Қимаймын. Ыстық сезім, махаббат мүлдем жоқ боп кеткеніне сенбеймін. Араларында қалған болар деген үміттемін... Бүгін Оралдағы "Шай" киносына билет жоқ. Оңаша отырып ішетін шайға уақыт тағы жоқ. Алла халықтың ықыласынан айырмасын, Мөлдіржан!", - деп жазды әлеуметтік желіде әншіге қолдау білдірген тележүргізуші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий