"Екі көзі ағып кеткен, кеңірдегі кесілген". Жасөспірім қолынан қаза тапқан Диана Оңғарбаеваның анасы әділдік іздейді
Былтыр шілде айында жасөспірім қолынан қаза тапқан Диана Оңғарбайдың анасы Руслан Өтепбайдың youtube арнасына сұхбат беоді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қарлығаш Оңғарбаева қызы сол күні бірінші рет үй жинап, ақша табуға шыққандығын айтады.
"Хабарландыруды telegram -нан көрген сияқты. Бұрын үй жинап, ақша таппаған. Негізі ол үйді жинаудың қажеті жоқ болған. Бала арам ойын жүзеге асыру үшін шақырған. Түпкі мақсаты зорлау, кісі өлтіру болған", дейді анасы.
Қызының жоғалғанын естігенде бірден полицияға хабар берген. Бірақ олар іздестіру жұмыстарына бірден кіріспегенін айтады, "Құрбыларының үйінде жүрген шығар, бір жерде отырған шығар" деп сылтауратқан.
"Қоқыстан тапқанда ешкім оны тани алмады. Мәйітті сипаттап айтудың өзі ауыр. Екі көзі ағып кеткен,жағы қисайған, кеңірдегі кесілген, бүйірінен пышақ сұғылған, Қолына, аяғына сұққан. Өлтірген соң зорлаған. Бірақ зорлағаны сотта мүлде ескерілмеді", дейді шырылдаған ана.
Айта кетейік, сот үкімімен күдікті бар жоғы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Соңғы жаңалықтар